Беларусь елінде өлім жазасын алып тастау мәселесі талқыға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінде өлім жазасын алып тастау мәселесі қайта жаңғырды, деп жазады 24.кз.

Естеріңізде болса, 15 ақпанда Еуроодақ Беларусь мемлекетіне қатысты санкциялардың бәріне шектеу қойған еді. Жаңа талап бойынша енді олар өлім жазасына мораторий жариялауы тиіс. Бірақ ел билігі шешім қабылдауға асығар емес. Енді ол мәселе референдум арқылы шешілуі мүмкін деген де болжам бар.

1990 жылдан бері бұл мемлекетте 400-ден астам адам өлім жазасына кесілген. Қазір дәл осындай үкімді 4 тұтқын күтіп отыр.

«Қоғамда бұл мәселе қазір ең жиі талқыланатын тақырыпқа айналған. Еуропа тарапы өз талабын айтты. Дегенмен, нүктені қоятын халық. Өлім жазасын қалдырамыз ба, әлде мораторий жариялаймыз ба? Пікірлер екіге жарылары сөзсіз. Біз, саясаткерлердің де, халықтың да пікіріне құлақ асып, таразылауға тиіспіз», - дейді Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Валентин Рыбаков.

Соңғы жаңалықтар
telegram