10:13, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
Беларусьте 8 наурыз тойланбайтын болды
АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат -
Беларусь президенті Александр Лукашенко Венесуэла президенті Уго Чавесті аза тұтуға байланысты елде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні өтетін мерекелік іс-шараларды өткізбеуге бұйрық берді.

Беларусьте 6-8 наурыз Уго Чавестің қайтыс болуына байланысты аза тұту күні болып жарияланған, деп хабарлайды «Азаттық».
Кеше Минск мэрі Николай Ладутько "беларусь халқына көп жақсылық жасады" деп, қала көшелерінің біріне Чавестің атын беру туралы ұсыныс жасаған.
Уго Чавес Беларуське бірқатар мұнай және газға байланысты келіісм-шарттар жасау үшін бірнеше рет барған еді.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Уго Чавес пен Александр Лукашенконы адам құқықтарын бұзады деп жиі сынайтын.
Қатерлі ісікпен ауырған 58 жастағы Уго Чавес 5 наурызда қайтыс болды.