Беларусь Ұлттық банкі «Еуразиялық экономикалық одақ» монеталарын шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Ұлттық банкі «Еуразиялық экономикалық одақ» (ЕАЭО) ескерткіш монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Бұл номиналы 20 рубль, салмағы 33,94 грамм, құйма сынамасы 925 болатын 750 дана күміс және номиналы 1 рубль, салмағы 14,35 грамдық 2 мың дана мыс-никель монеталары. Мәскеу монеталар сарайында шығарылған.

Айналымға шыққан монеталар Беларусьта заңды төлем құралы болып есептеледі.

Соңғы жаңалықтар