Беларустың Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына қатысуы біз үшін өте маңызды - Н. Назарбаев

. Қарашаның  26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Беларустың Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуы біз үшін өте маңызды.
None
None

Бүгін Минскіде Беларус басшысы   Александр Лукашенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының айтуынша, бұл өзге елдермен өзара іс-қимылдағы ұқсасы жоқ Қазақстан мен Беларус ынтымақтастығының бірегей элементі болып табылады. Қазақстан мен Беларус арасындағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2010-2011 жылғы бірлескен іс-шаралар жоспарына барынша тиімді жобалар енгізілген. Олармен екі елдің Үкіметтері, сарапшылары жақсы жұмыс істеді. Екі елдің екіжақты өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелерін қамтитын бұл іс-шаралар жоспарында машина жасау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік технологияларды өндіру, химия және басқа да салалар қамтылған. «Бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың екі мемлекеттің экономикалық дамуы үшін зор маңызы бар», деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бірлескен іс-шаралар жоспарына Беларустың Қазақстан аумағында карьерлік самосвалдар, астық жинайтын комбайндар, басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын, телекоммуникациялық есептеу жүйелерді шығару жөніндегі ұсыныстар еніп отыр. Беларустық жобалардың 37 ұсынысының ішінен іс-шаралар жоспарына осы екі жылдың ішінде 30 жоба енген, оның 10 бойынша нақты шешімдер қабылдануда.

Соңғы жаңалықтар