Белгілі ақын Қ.Жұмағалиев елге көшіп келді

ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының авторы Қайрат Жұмағалиев Оралға көшіп келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бөкей ордасында 1937 жылы дүниеге келген ақын балалық шағынан қиындық көріп өсті. 1952 жылы Орда жерінің әскери полигонга берілуіне байланысты тұрғындары Шымкентке және басқа жерлерге көшірілді. Осы көштің ішінде анасымен бірге Қайрат та болды. Кейін Алматы қаласында қоныс теуіп, елдің көрнекті ақындарының қатарына қосылған қаламгер кейінгі жылдары Астанада тұрды. Елу жылдан астам уақыттан кейін көштің бетін елге бұрған ақынға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жағдайы толық жасалған коттедждің кілтін табыс етті. Ақынды жаңа қонысымен құттықтаушылар қатарында атақты жазушы Әбіш Кекілбаев, мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков те болды.
Соңғы жаңалықтар