Белгілі кәсіпкер М.Нәбиев Бас редакторлар клубының қатарына қабылданды

Клубтың бүгінгі отырысында ұйымға мүше барлық журналистер оған бірауыздан дауыс берді.
Айта кетейік, кәсіпкер М.Нәбиев Ақмола облысы Сілеті ауданының тумасы. 1978 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, агроном, бас агроном, одан кейін партиялық қызметтерді атқарды. Кеңес одағы ыдыраған тұста Мемлекеттік меншік жөніндегі аймақтық комитетте жұмыс істеді. «Есіл» банкі, Лисаков тау-кен комбинаты мен Ақмола вагонжөндеу зауытын басқарды. Сондай-ақ ол ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті. Бүгінде «Ұлы дала қырандары» қозғалысын басқарады. «Бас редакторлар клубына мүше болудың негізгі мақсаты - қоғамдық бастамаларды халыққа жеткізу. Біз ол арқылы елдің қолдауына ие болуды көздейміз», - дейді М.Нәбиев. Осыған орай, бүгін Бас редакторлар клубының басшысы Кенжеболат Жолдыбай кәсіпкер М.Нәбиевке ұйымның қызметтік куәлігін табыс етті.