Белгілі журналист Ғ.Шалахметовтің алғашқы әдеби кітабы жарық көрді

АЛМАТЫ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда публицист, ақын, кинодраматург, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан телевизиясы академиясының академигі Ғаділбек Шалахметовтің «В пустыне каждый на виду» кітабының тұсаукесері өтті.
None
None

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының бірінші орынбасары Бақытжамал Оспанованың айтуынша, 6 бөлімнен тұратын бұл кітапта автордың отбасы, достары туралы өлеңдері қамтылған. Мәдениет ордасы бұл шара кезінде сондай-ақ, арнайы кітап көрмесін де ұйымдастырып отыр. Онда Ғаділбек Мінәжұлының шығармалары кірген және қайраткер туралы жазылған энциклопедиялық жинақта мен өзге де баспа материалдары қойылған. Ал белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтың сөзіне қарағанда, бұл Ғ.Шалахметовтың алғашқы әдеби кітабы болып отыр. Онда Ғаділбек Мінәжұлы Абай Құнанбайұлы, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан аударған бірқатар өлеңдері де еніп отыр.

Тоғызыншы шілдеде 70 жасқа толғалы отырған Ғаділбек Мінәжұлы 1943 жылы Астрахань облысы Камызяк ауданындағы Чистая Банка аралында дүниеге келген болатын. Ерен еңбегі үшін «Құрмет» (2003) орденімен, «ҚР Парламентіне 10 жыл» (2006), «В память 850-летия Москвы» (1997), «Пушкин» (Ресей) медальдарымен, отандық журналистикаға қосқан орасан зор үлесі үшін Қазақстан журналистикасы академиясының «Алтын Самұрық» сыйлығымен марапатталған, «Испытание» телефильмінің сценарийі үшін Ленин комсомолы сыйлығының (1978), КСРО Журналистер одағы сыйлығының иегері (1982), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996) атақтарын иеленді. Сондай-ақ Әлем халықтары дүниежүзілік клубының (1996), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының (РАЕН, 2001) академигі атанды

Соңғы жаңалықтар