12:56, 29 Наурыз 2016 | GMT +5
                                        Белгісіз біреулер басып алған ұшақ Кипр әуежайына қонды
                                             АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер басып алған А-320 жолаушылар ұшағы Кипрдегі Ларнаки әуежайына қонды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтемемен Рейтер агенттігі хабарлады.
                                        
                                        
                                     
                                              Ұшақ Александрия-Каир бағытымен ұшқан еді. Әуе кемесінің бортында 81 адам болған.
БАҚ ұшақты айдап әкеткендер мысырлық әйелдер мен балаларға ұшақтан кетуге рұқсат беруге ниетті екенін хабарлап отыр, деп жазады РИА Новости.