Белгісіз жәндіктер Қарағанды тұрғындарын алаңдатып отыр

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағандыда бұрын кездеспеген жәндік көбейіп кетті,
None
None

деп хабарлайды 24 KZ.

Шыбынға да, масаға да ұқсас жәндікті жергілікті тұрғындар «мутанттар» деп атап жүр. Бұл беймәлім жәндік жұртшылықты алаңдатып отыр. Санитар мамандардың айтуынша, шыбын-шіркейге ұқсас жәндік - масаның бір түрі. Ірі болғандықтан оны жуан аяқтылар деп те атайды. Олар гүлдердің шырынымен қоректеніп, бұталардың арасында тіршілік етеді. Ал адамдарға қауіпті емес. Мәскеу қаласында да осындай маса көбейіп кеткен. Мамандар мұны көктемнің ұзаққа созылуымен және күннің тез ысып кетуімен байланыстырады.

«Эпидемиологиялық жағынан адамдарға зияны жоқ. Тек кейбір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін. Кез келген маса солай мезі қылады. Оларға қарсы санитарлық қызмет ешқандай шара қолданып жатқан жоқ»,- дейді Паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Бауыржан Бименде.

Соңғы жаңалықтар