Бельгияда пойыз бен мектеп автобусы соқтығысып, 4 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Бельгияның Бюггенхаут қалашығында мектеп автобусы пойызбен соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Теміржол торабының екі учаскесінде пойыз бен автокөлік соқтығыса жаздады
Фото: Pexels

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні шамамен сағат 08:15–те (Гринвич бойынша 06:15) теміржол өткелінде болған. Апат салдарынан Дендермонде мен Лондерзеел арасындағы теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Алдын ала мәлімет бойынша автобуста арнайы орта мектептің 7 оқушысы, тәрбиеші мен жүргізуші болған.

Бельгияның көлік министрі Жан-Люк Крюктің айтуынша, апаттан екі жасөспірім, жүргізуші және тәрбиеші көз жұмған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр Қызылордада қараусыз теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан болатын.