Белградтағы жазғы «Бүкіләлемдік студенттік ойындарда» қазақстандық теннисшілер жарысты ерте аяқтады

АЛМАТЫ. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Белградта өтіп жатқан жазғы «Бүкіләлемдік студенттік ойындарда» қазақстандық теннисшілер жарысты ерте аяқтады,

Белградтағы жазғы «Бүкіләлемдік студенттік ойындарда» қазақстандық теннисшілер жарысты ерте аяқтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Шілденің 1-і күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада Максим Филипов украиндық Иван Сергеевтен 6:0, 6:2 есебімен ұтылды. Ал ұлттық рейтингте 6-шы, АТР-де 649-шы сатыда орналасқан Сырым Әбдіхалықов черногориялық Марко Беговичтен  6:4, 1:6, 7:6 есебімен басым түсті. Алайда үшінші раунда ол канадалық Грай Касаутскийге 6:1, 6:2 есебімен есе жіберді. Алматылық теннисшілер  жұптасып өнер көрсетуде алғашқы айналымда-ақ, сербиялық Б. Гонкич пен А. Грубинге  7:5, 7:5 есебімен ұтылды.