Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Аичи префектурасындағы Тоёхаси спорт кешенінде каратэден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше кумите бағдарламасы -55 кг дейінгі салмақта Бэлла Самашева қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз жүлде жолында өзбек спортшысы Севинч Рахимованы басым түсті.
Айта кетейік, Бэлла үшін бұл алғашқы Азия ойындары.
Айта кетелік Қазақстандық баскетболшылар Азиада-2026 ойындарында Гонконгты жеңген еді.