Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Белоруссия әлеуметтік-экономикалық даму туралы болжамын ЕАЭО форматына сәйкес жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының экономика министрлігі республиканың 2016 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуын болжағанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) форматын есепке алды. Бұл туралы «БЕЛТА» агенттігі Экономика министрі Владимир Зиновскийге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Белоруссия әлеуметтік-экономикалық даму туралы болжамын ЕАЭО форматына сәйкес жасады

«Болжам алғаш рет үшжылдыққа енгізілді. ЕАЭО-да да болжаудың осындай форматы ұсынылуда - мұнда әріптестерімізбен үйлесіп жұмыс жасауымыз керек», - деді министр.

Болжам индикативтік сипатқа ие. Жоба сыртқы және ішкі жағдайлар өзгергенде параметрлерді анықтау және оларға түзету енгізу мүмкіндігін қарастырады. Владимир Зиновскийдің айтуынша мамандар сыртқы параметрлерді анықтауды мақсат қылып қоймаған.

«Экономика министрлігі Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен түрлі нұсқаларды есептеді. Ресейлік әріптестермен кеңес өткізу қорытындысы бойынша тұтас болжамның параметрлерін анықтадық», - деді ведомство басшысы.