Бен Ладеннің қызы Сауд Арабстанынан пана сұрады

АСТАНА.  Желтоқсанның   25-і.  ҚазАқпарат -  «Әл-Кайеда»      лаңкестік  ұйымының  жетекшісі Усама бен Ладеннің   қызы 17 жастағы Эман  бен  Ладен    Теграндағы  Сауд Арабстанының  елшілігіне       барып,      пана   сұрады.
None
None

Бұл   ақпаратты  Иран өкіметі  растады,  деп   хабарлайды Associated Press.   Осылайша, Усама бен Ладеннің   қызының   Саудияның Теграндағы   елшілігінде   екендігі  туралы    кеше  түскен  ақпарат  расталып  отыр.

Иранның  Сыртқы  істер министрі Манучехр  Моттаки   өз  кезегінде,    Саудия елшілігінің   хабарламасына  дейін, №1 лаңкестік  қызының    Ислам Республикасның аумағында  жүргенінен бейхабар екенін   мәлім етті.  М.Моттаки,  Тегранның  Эман бен  Ладеннің  ел  аумағынан шығуына  кедергі жасамайтынын  атап көрсетті.

Ауғанстанға  американ  әскерлерінің кіруіне  байланысты     бен Ладеннің  отбасы ел аумағынан   кеткеннен кейін,  оның балаларын  ұзақ  уақыттан бері   күшпен   ұстап  отыр  деп  бұған дейін Иран  өкіметіне  күдік келтірілген  болатын.

№1 лаңкестің  туыстарының  айтуынша,   бен Ладеннің  әйелдерінің  бірі  және    6 баласы мен 11 немересі Тегранның маңындағы құпия        жерде    жасырынып     жатқан көрінеді.  Және  оларға  сыртпен    қарым-қатынас жасауға  тыйым  салынған.

Бен Ладеннің  туыстарының   Иранда   бой тасалау  факті,   онсыз да  күрделі жағдайды ушықтырып,   АҚШ-тың Тегранға  қарсы  қысымын    күшейтуіне   себеп болуы  мүмкін.

Соңғы жаңалықтар