Бензин бағасының қымбаттауына алғышарт жоқ – Энергетика министрі

Елімізде бензин бағасының көтерілуіне алғышарт жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

бензин
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

«Ресейде баға өсуі мүмкін екендігін қоспайтын болсақ, бензиннің қымбаттауына алғышарт жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстанда сұраныс пен тұтыну көлемі теңгерімді. Мұнай өнімдерінің қажетті қоры жасақталған. Шамамен 1 айға жететін дизель отыны, 25 күнге жеткілікті АИ-92 және АИ-95 бензині бар. Бұған қоса, мұнай өнімдерінің аталған түрлерінің өндірісін қоссақ, онда тапшылық болмайды», - деді министр XV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Дегенмен, оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресейде мұнай өнімдері шығынын өтеу үшін көлемнің төмендеуіне байланысты сын-тегеуірін бар.

«Импорттық отынның қымбаттау мүмкіндігіне байланысты тәуекел бар. Ол ішкі нарықтағы бағаға пропорциональды ықпал етеді. Біз әзірше қалыптастырылған қорды ескере отырып, Қазақстан Республикасында өндірілген өнімге арқа сүйейміз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Соңғы жаңалықтар