Bereke Bank-қа салынған АҚШ санкциясы наурыз айында алынуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Bereke Bank (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) АҚШ-тың санкциядан шығару туралы шешімі наурыз айында жариялануы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Банк шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармадан (OFAC) АҚШ Конгресіне банкті санкциядан шығару туралы өтінім берілгені туралы ақпаратты алды. Бұл қаржы институтының меншік иесін ауыстыруымен және акционері Қазақстан Үкіметі болып саналатын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне толығымен тиесілі екенімен байланысты.

«Барлық қажетті құжаттар АҚШ-тың тиісті инстанцияларына тапсырылды. Біздің күтуімізше, шешім наурызда қабылданады. Бұл дегеніміз - банк валюталық операциялармен жұмыс істеуге оралып, шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастарды қайта қалпына келтіре алады», - делінеді банк хабарламасында.

Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында Сбербанк пен «Бәйтерек» ҰБХ арасында сатып алу-сату мәмілесі жасалған. Банк атауы Bereke Bank деп өзгертілді. Сондай-ақ, қыркүйекте банктің жаңа иесі OFAC-қа банкті санкциядан шығару туралы құжаттар пакетін тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар