21:15, 03 Қаңтар 2024 | GMT +5
Берік Уәли Президент өкілеттігінің аяқталу мерзіміне қатысты қауесетті жоққа шығарды

«Біздегі нақты жағдаймен таныс емес кейбір журналистің арасында түсінбеушілік туындаған. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Конституцияны өзгерту және келесі сайлауға қатысу мақсатында 2026 жылы референдум дайындау туралы болжамдарды жоққа шығарды. Президент 2022 жылдың қарашасында жеті жылдық мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес, оның өкілеттігі 2029 жылдың қарашасында аяқталады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін президенттік өкілеттіктерді жеті жылдық мерзімге шектеуді ұсынды», - деп жауап берді Б.Уәли.