Берлинде Елбасының қатысуымен Қазақстанның Германиядағы жылы ашылады

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алдағы ақпанның 3-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Берлинде Қазақстанның Германиядағы жылы ашылады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ақпан айының басында, 3-і күні қазақ-герман қарым-қатынасының тарихында біз бірінші рет Қазақстанның Германиядағы жылының ашылуына куә боламыз. Сол күні Берлиндегі Үлкен концерт залында Елбасының қатуысымен Қазақстанның Германиядағы жылы салтанатты түрде ашылып, еліміздің өнер шеберлерінің концерті өтеді», деді алқада М. Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, 2008 жылы әлемнің 12 елінде Қазақстан мәдениетін дәріптеу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылған. Шет елдердегі конкурстар мен фестивальдарға Қазақстаннан 600-ден астам адам қатысқан.
Соңғы жаңалықтар