Берлинде жемқорлықпен күрес саласындағы қазақ-неміс ынтымақтастығы сөз болды
Келіссөздер барысында А.Шпекбаев әріптесін Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес пен оның алдын алу саясатының басым бағыттарымен таныстырды. Бұл ретте Қазақстанда жүргізіліп жатқан шағын және орта бизнес субьектілерінің құқықтары мен бостандықтарын кеңейту мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселесіне басты назар аударылды.
Тараптар сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрес және кәсіби мемлекеттік аппарат саласындағы қазақ-неміс ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың перспективалары мен қазіргі жағдайына қатысты жәйттерді талқылады. Бұған қоса, неміс тарапы Астанада желтоқсан айында өтетін сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға шақырылды және аталмыш шара жөнінде жан-жақты хабардар етілді.
Айта кетейік, Германияның Сыртқы істер федералды министрлігі серіктес елдердегі сыбайлас жемқорлық және онымен күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.