22:23, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Берлинді 13 жыл басқарған Воверайт қызметінен кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат -Германия астанасы Берлин қаласына 13 жыл басшылық еткен Клаус Воверайт қызметінен кетті. Оның орнына социал-демкорат Михаэль Мюллер тағайындалды, деп хабарлады ВВС.
«Берлин - кедей, бірақ сексуалды» деген анықтамасымен танымал Воверайтты көбі Ангела Меркельдің орнын басушы, болашақ Германия канцлері деп атаған. Алайда, соңғы уақытта Берлин-Бранденбург жаңа халықаралық әуежайы құрылысының ұзаққа созылуына байланысты Воверайттың атына көп сын айтылды.
Әуежай 2011 жылы ашылуы тиіс болған, алайда, әлі күнге дейін оның құрылысы біткен жоқ.