Берлиннің тарихи орталығында еврейлерге тиесілі ғимараттардың қалдықтары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Берлиннің орталығында археологтер қазіргі Маркс-Энгельс форумы деп аталатын жерде орналасқан тарихи ғимараттардың соңғы қалдықтарын ашып отыр. Бұл көшеде Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін ондаған еврей отбасы тұрған және өзінің синагогасы мен ас үйі бар әйгілі «Португалия королі» қонақүйі сияқты ғимараттар орналасқан, деп хабарлайды Bild

остатки зданий, принадлежавших евреям
Фото: Bild

BILD басылымы археолог Герсон Йойте бастаған топтың бұрынғы Бургштрассе бойындағы үйлердің жертөлелерін құжаттап жатқанын анықтады.

Бұл үйлер нацистік Германия кезінде еврей иелерінен күштеп тартып алынған, ал соғыстан кейін ғимараттардың көпшілігі ГДР дәуіріндегі қирау және кейінгі қала құрылысына байланысты жойылып кеткен.

Табылған нысандар қатарында Нобель сыйлығының лауреаты Рихард Вильштеттерге тиесілі №20 үйдің қалдықтары және Берлин әйгілі маркалық раритеттерді сақтап қалған коллекция жиюшы Филипп Коссактың ғимараты бар.

Қаланы көркейту бағдарламасына сәйкес, археологиялық олжалар құжатталғаннан кейін аумақ қазылып, бұрынғы ғимараттардың орнына Шпрее жағалауына апаратын баспалдақтар мен пандустар салынады.

Кейбір тарихшылар Берлин билігінің тәсілін сынға алды. Қала зерттеушісі Бенедикт Гебельдің айтуынша, аймақтағы жердің 20%-ы мұрагерлерге ешқашан әділ қайтарылмаған, ал өтемақы төленген жағдайда да ол нақты құнының бірнеше пайызын ғана құраған.

Бұған дейін Қарағанды облысында археологтер сақ дәуіріне жататын жауынгердің бұзылмаған қабірін анықтағанын хабарлаған едік.

Бір метрден сәл астам тереңдікте зерттеушілер оң қолында қола қылыш ұстаған ер адамның қаңқасын тапқан. Қасында жебе ұштары мен алтын сырға жатқан.

Соңғы жаңалықтар