Берлускониге қол жұмсаған адам премьерден кешірім сұрап хат жазды

АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Сильвио Берлускониге ғибадатхананың кәдесый мүсінін лақтырып, дене жарақатын салған Миланның тұрғыны Массимо Тарталья итальяндық премьер-министрге хат жазып, өзінің әбес қылығы үшін кешірім сұраған,

Берлускониге қол жұмсаған адам премьерден кешірім сұрап хат жазды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.Әлдеқандай психикалық аурумен ауыратын Тартальяның хат жазуына оның адвокаты көмектескен және қорғаушысы арқылы хатты Берлускониге берген. Миландықтың премьерге арналған жолдауында, кешірім сұраумен қатар, әрекетін «ессіздік, көргенсіздік және бассыздық» деп айтқан, сондай-ақ өкініштен өзегі өртенетінін білдірген. Оның айтуынша, ол «өзін-өзі танымай» есінен танып отырған көрінеді.