Бес қазақстандық компания өз өнімін қытайлық бизнеске таныстырды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде ҚР өнімін ҚХР нарығына шығару бойынша шара өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
None
None

null null
Шараны ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған  «Баян Сұлу» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Концерн «Цесна-Астық», «RG Brands Kazakhstan» және «Қайнар-АКБ» сияқты компаниялар қатысты. Олар қытайлық серіктестерімен B2B форматында келіссөздер өткізді. Қытайлық тараптан форумға 25 компания қатысты.

«Бейжіңге қазақстандық брендті таныстыру үшін келдік. Бес компания: төрт азық-түлік секторындағы және аккумулятор зауытының өкілдерін әкелдік. Бұл Қазақстанның белгілі экспортшылары және ТМД аумағында белгілі компаниялар. Қытай нарығындағы басты міндет- ірі серіктестерді табу, қытайлық нарыққа шығу», - деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарушы директоры Жәлел Болатов.  

null null  

Оның сөзіне қарағанда, шара қарсаңында қазақстандықтар Бейжіңде бірқатар іскерлік кеңес өткізді.

«Мысалы, «Қайнар-АКБ» компаниясының потенциалды серіктестері бар. Алайда аккумуляторлар қауіпті жүк санатында. Сондықтан процесс созылған.  Дегенмен «Қайнар-АКБ» келісөздерді сәтті жүргізіп жатыр, Қытайға аккумуляторлардың алғашқы сынама партиясы жөнелтілді», - деді Ж.Болатов.

«Golden Camel Trade Co., Ltd» сауда компаниясының (ҚХР  Хэйлунцзян провинциясы Дацин қ.) басқарма төрағасы Шэнь Яньлин ҚазАқпаратқа қазақстандық азық-түлік өндірушілермен серіктес болуға қызығушылық танытып отырғанын айтты.

null null  

«Қайнар-АКБ» ЖШС қаржы және экономика бойынша директоры Салтанат Түсіпбаева ҚазАқпаратқа  қазақстандық аккумулятордың қытай нарығына шығару бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Оның сөзіне қарағанда, «Қайнар-АКБ» аккумулятор зауыты 1975 жылдан жұмыс істейді. Жыл сайын 2-3 млн. аккумулятор өндіреді. Оның 70% ТМД елдеріне, Ауғанстан, Германия және Польшаға экспортталады. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар