Бес минутта жұмысқа тұру: Енді еңбек шартын онлайн рәсімдеуге болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда еңбек шарттарын қашықтан жасау тетігі енгізілді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин жұмыспен қамту саласындағы цифрлық шешімдер туралы айтып берді.

Бес минутта жұмысқа тұру: Енді еңбек шартын онлайн рәсімдеуге болады
Фото: Kazinform

Оның айтуынша, бұрын жұмысқа орналасу процесінде әңгімелесу үшін жұмыс берушіге міндетті түрде жеке бару, қағаз құжаттардың толық пакетін ұсыну және қағаз түрінде еңбек шартына қол қою талап етілетін.

— Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция арқылы қажетті құжаттардың 90%-дан астамы автоматты электронды түрде қалыптастырылады және тартылады. Еңбек шарты электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қашықтан жасалады, жеке бару қажеттілігін болдырмайды, — деп түсіндірді Қаныш Төлеушин бүгінгі Үкімет отырысында.

Бұл жаңалық 9,5 миллионнан астам еңбекке қабілетті адамды қамтиды және қызмет көрсетуге кететін уақытты 3 күннен 5 минутқа дейін қысқартты.

Айта кетейік, елімізде зейнетақы да автоматты түрде тағайындалатын болды.

Жұмыссыздық мәртебесі автоматты түрде анықталып, проактивті түрде бос жұмыс орындары ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар