Бес жылда жиынтық инвестиция 400 млрд АҚШ долларына жетеді - ҰЭМ

АСТАНА. KAZINFORM – 2029 жылы инвестициялардың жалпы ішкі өңімге қатынасы 23 пайызға ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

Рост ВВП, инвестиции в Средний коридор и энергетика: что пишут мировые СМИ о Казахстане
Коллаж: Kazinform/ Canva

- Экономикалық күрделілік индексі аясында 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 145 елі арасында 55-орынды иеленді. Көршілес елдермен салыстырғанда, 2020-2024 жылдары Қазақстан қарқынды серпіліс жасап, 87-орыннан 55-орынға көтерілді. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін бізге инвестициялар көлемін ұлғайту қажет, - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, ұлттық жоспардағы болжамдарға сәйкес инвестициялардың жалпы ішкі өңімге қатынасы қазіргі 14-15 пайыздан 2029 жылы 23 пайызға дейін ұлғаяды. 

- Нәтижесінде 2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есеге артуға тиіс. Көрсеткіштің 2029 жылға қарай 23 пайызға дейін кезең-кезеңімен өсуі қосымша 120 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2025–2029 жылдар аралығындағы жиынтық инвестициялар 400 млрд АҚШ долларына жетеді, - деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, Үкімет отырысында экономиканы одан ары әртараптандыру тәсілдері пысықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум