Бес жылда СҚО-да Жұмыспен қамтудың жол картасына 36 мың адам қатысты
Спикердің айтуынша, өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың арқасында 3 572 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1 932 адам еңбекпен қамтылды, шағын несиелер алушылар 1 322 жұмыс орнын ашты, деп жазады Pm.kz.
Бағдарламаны жүзеге асырған бес жылда 1 574 шағын несие берілді. 2016 жылы жалпы 917 млн теңгеден астам сомаға шағын несиелер бөлу жоспарланған.
А. Дүйсенова айтып өткендей, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1 313 адам оқытудан өтті, олар алдағы уақытта өңірдің кәсіпорындарына жұмысқа тұрады.
Естеріңізге салсақ, К. Мәсімов еліміздің аймақтары бойынша жұмыс сапарын жалғастыруда. Жұмыс сапары кезінде К.Мәсімов мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, өңірдегі өзекті мәселелердің қарастырылуы мен шешілуіне баса назар аударады, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөледі.