Бесінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы аяқталып, депутаттар каникулға кетті

None
None
АСТАНА.  29 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында 5-ші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы өз жұмысын аяқтап, депутаттар 2 айлық каникулға кетті.

Ағымдағы жылдың басында өткен сайлаудың нәтижесіне орай 2012 жылдың қаңтарында ресми түрде жұмысқа кіріскен көппартиялы Парламент өткен 5 айдан астам уақыт аралығында елдің дамуына, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға серпін беретін аса маңызды құжаттарды қабылдады.

Атап айтқанда, сессия барысында  Парламент қоржынына 70-тен астам заң жобасы келіп түссе, соның 39-ын Мәжіліс мақұлдап, 36-сы Парламентпен қабылданды. Осы қабылданған заңның 22-сіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, құжаттар заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар
telegram