Бестөбе кен байыту фабрикасының директоры өз қызметкерін өлтірді деген күдікке ілінді
Бестөбедегі кен байыту фабрикасының директоры кәсіпорынның лаборантын үйіне жеткізіп тастағаннан кейін 37 жастағы келіншек ауруханаға түсіп, көз жұмған.
Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу судьясы тергеушінің Бестөбедегі «Қазақалтын» кен байыту фабрикасының 33 жастағы директорын екі айға қамау туралы хаттамасын қанағаттандырып, санкция берді.
«Іс материалдарын қараған судья осындай шешім қабылдауға негіз бар деп есептейді. Ер адамның бой тасалауы мүмкіндігі және жұмыс орнынан теріс мінездеме берілгені, сондай-ақ, оның ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін күдікке алынғаны ескерілді. Бұл құқықбұзушылық ауыр қылмысқа жатады. Бұл бап бойынша 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Степногор орталық қалалық аурханасының бас дәрігері Данияр Қинаятов қайтыс болған адамның алған жарақаты туралы қандай бір ақпарат беруден бас тартты. Сонымен қатар, ол көліктен секіру кезінде жарақат алу мүмкіндігі де тергеу органдары мен сот-медициналық сараптаманың құзырында екенін айтты.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың өлімінен кейін ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкелген, денсаулығына қасақана ауыр зардап келтіру) ауыстырылды. Аталмыш санкция бойынша күдіктінің қылмысы дәлелденсе, онда ол алдағы 8-12 жылға дейінгі өмірін темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.