Бестөбе кентінде жеңіл көлікке оқ атқандар іздестірілуде

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Бестөбе кентінде «Қазақалтын» акционерлік қоғамы кеңсесі жанында тұрған «Нива-Шевроле» жеңіл көлігіне бұзақылықпен оқ атылып, көлікке едәуір нұқсан келтірілген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Степногор қалалық прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.Қала прокуроры Шоқан Қоңырбаевтың айтуынша, кеңсе жанындағы көлікке аңшы мылтығынан оқ атылған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қазіргі кезде ҚР ҚК-сінің 257-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Кәсіпорын басшысына тиесілі көлікке қастандық жасаудың себептерінің бірі ретінде лауазымды қызметкердің шахталарға заңсыз кіру оқиғасының алдына алуға бағытталған іс-шарасына қатысты деген күдік те қарастырылуда. Қатаң тәртіп заңсыз олжаға кенелушілер наразылығын тудыруы мүмкін деген болжам бар.
Соңғы жаңалықтар