01:36, 19 Шілде 2015 | GMT +5
Бейбіт адамдарды қырып салған Андерс Брейвик Осло университетіне оқуға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2011 жылы Утоя аралында бейбіт адамдарды қырып салғаны үшін түрмеде жатқан Андерс Брейвик Норвегиядағы Осло Университетіне түсу үшін емтихан тапсырды, деп жазады Guardian.
Брейвик 2014 жылы құжаттарын тапсырғанымен емтиханнан өте алмаған. ЖОО ректоры Оле Петтер Оттерсеннің айтуынша, енді ол саясаттану мамандығы бойынша білім алғалы отыр. Норвегия заңы бойынша сотталғандар да емтиханна өте алса, жоғарғы білім ала алады. Еске, сала кетейік, Брейвик 2011 жылы шілде айында Утоя аралында 77 адамды қырып салған. Ол осы қылмысы үшін 21 жылға (егер қоғамға қауіпті болса, одар да үзақ мерзімге) бас бостандығынан айырылған.