Бейбіт күннің батыры: Алматылық өрттен 6 адамды құтқарды
«Достар, мына жігітке қараңыздаршы. Оның аты-жөні - Дәурен Рымқұлов. Жасы - 33-те Ол ауыр атлетикадан спорт шебері, Қазақстаның бірнеше дүркін чемпионы. Шын мәнінде кеше ол ерлік жасады. Ол Алматыдағы өрт кезінде 6 адамның өмірін құтқарды. Үйінде отырған Дәурен Ауладағы шуды естіп далаға шыққан кезде көрші үйдің кіреберісіндегі пәтердің бірі өртеніп жатқанын байқаған. Дәл сол кіреберісте жиен қарындасы тұрады екен. Ол төменгі қабаттан жоғары өршіген өрт кезінде балконда қалып қойыпты. Дәурен, еш ойланбастан кіреберіске ойланбастан кіргенімен, ащы түтін иісінен естен танып қала жаздады. Қайта шыққан оған аулаға жиналып қалған тұрғындардың бірі футболка мен бөтелкедегі суды берген. Ол матаны сулап алып, бетін тұмшалап көмекке ұмтылған», - деп жазды ол.
Оның атап өтуінше, Дәурен жиен қарындасын дін аман далаға алып шыққан. Алайда осы кезде біреулер төртінші қабаттағы пәтерде 5 баланың қалып қойғанын айтқан. Дәурен еш ойланбастан қайтадан өртеніп жатқан кіреберіске кіріп, 5 даланы да аман-есен далаға шығарған. Осы кезде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көмегі де жеткен.
«Бір сағаттан кейін өрт сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек те ешкімге қажет болмады. Біз мұндай батыл әрі жақсы адамдардың көптігіне әр уақытта да таң қаламын. Олар кез келген сәтте көмек беруге дайын тұрады. Міне осындай батырларды үлгі етіп, мақтануымыз қажет. Айтпақшы, Дәуреннің әкесі Амангелді Рымқұлов ауыр атлетикандан КСРО спорт шебері атанған қазақстандық екендігін атап өткен жөн. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Амангелді Құрманұлы, нағыз батыр тәрбиелегеніңіз үшін ризашылығымды білдіреміз», - деді Александр Цой.