Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс қауымдастығы бойынша (IBA) Әлем чемпионы атанды

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс қауымдастығы бойынша (IBA) Әлем чемпионы атанды.
Ол чемпиондық атақ үшін өзі жекпе-жек ұйымдастырып, онда жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жеңіс күні Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен бұл турнирдің ұйымдастырушысы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында тіркелген ағайынды Бейбіт пен Шыңғыс Шүменовтердің «KZ Event Productions» промоутерлік компаниясы болды. Онда негізгі жекпе-жек бос тұрған IBA бойынша Әлем чемпиондығы және Бейбіт Шүменовке тиесілі Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) Тынық мұхит аймағы бойынша, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Aзия және Паназиялық бокс қауымдастығының (PABA) чемпиондығы сарапқа салынды. 12 раундтық бұл кездесуде Бейбіттің қарсыласы американдық Байрон Митчел болды. Ол бұған дейін 27 кездесуде жеңіске жетіп (20-сы нокаутпен), бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең түскен болатын. Ал әуесқой бокстан Азия біріншілігінің жеңімпазы, Африка-Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған Бейбіт 2004 жылы Афины Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Одан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан ол бұған дейін 8 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде (алтауы нокаутпен) жеңіске жеткен болатын. Шымкентегі бұл жекпе-жеке дейін Бейбіт Әмірханұлы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде 8-ші, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде 9-шы, Бүкіләлдемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіде 16-шы сатыда тұрған болатын.
Соңғы жаңалықтар