Бейбіт Ыстыбаев Алматыда өтетін қазақ күресінен Қазақстан чемпионатына қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 18-19 наурыз күндері Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Жарысқа еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 200-ден аса балуан қатысады.

«Қазақстан чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Қатысушылар сапында белгілі балуандар да аз емес. Соның ішінде үш дүркін «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев, әлем чемпиондары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Айбол Айтбек және Ғани Сейділдаев, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл, сонымен қатар Руслан Әбдіразақов, Мұрат Кентонов және тағы басқа білекті балуандар бар», - делінген хабарламада.    

Соңғы жаңалықтар