«Бейбітшілік және келісім - адамзат таңдауы» - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары ІV Съезінің тақырыбы

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  IV Съезінің басты тақырыбы - «Бейбітшілік пен келісім - адамзат таңдауы» болып белгіленді.

«Бейбітшілік және келісім - адамзат таңдауы» - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары ІV Съезінің тақырыбы

Бұл туралы Съезд хатшылығының ХІ отырысында айтылды, деп хабарланды хатшылықтың сайтында.

Секциялық отырыстар үшін 4 тақырып белгіленді:

- «Дін көшбасшыларының тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөлі»;

- «Дін және мультикультурализм»;

- «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен заманауи қатерлер»;

- «Дін және жастар».

Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  IV Съезі 2012 жылдың 30-31 мамыр күндері Астанада өтеді.