Бейбіт Жұқаев Алматы турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы  Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады.

Бейбіт Жұқаев АҚШ-та кезекті жеңісіне қол жеткізді
Фото: ktf.kz

Б.Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.

Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.

Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды - 6:4, 6:1.

Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Хассан 1 эйстен аса алмады.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Скатов пен Шевченконың жұптық сында Алматы турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар