Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирде қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 206-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Канкун (Мексика) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты. 

Бейбіт Жұқаев
Фото: olympic.kz

Іріктеу сайысының 2-ракеткасы болып тіркелген Б.Жұқаев бастапқы кездесуін бразилиялық Рафаэл Матоспен өткізді.

Бейбіт бұл матчта фаворит екенін дәлелдеп, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Небәрі 52 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. 

Енді отандасымыз іріктеу жарысының финалында рейтингіде 360-орындағы испаниялық Пабло Льямас Руиспен ойнайды. Оны жолдан тайдырса, негізгі додаға жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жапониядағы Ролан Гарростың іріктеу турниріне елімізден үш жас теннисші жолдама алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар