Бейбітшілік кеңесі Газаны қалпына келтіруге $2,45 миллиардтың жоспарын ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль мен ХАМАС әскерді қақтығыс аймағынан шығару және Палестина қозғалысын қарусыздандыру жөнінде біржола келісімге келе алмай отыр, осыған байланысты Газа секторын қалпына келтіруге кірісу де мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
АҚШ президенті Дональд Трамп құрған Бейбітшілік кеңесі 23 қыркүйек, сәрсенбі күні Газа секторын қалпына келтірудің алты айлық бастапқы жоспарын ұсынды, оған 2,45 миллиард доллар (шамамен 1,09 триллион теңге) жұмсалмақ. Жоспар Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында таныстырылды.
Great High Level Briefing today on the Board of Peace’s efforts in Gaza. Full presentation 👇 https://t.co/JJ3Ze6lVgL
— Board of Peace (@BoardOfPeace) September 23, 2026
Құжатта сектордың инфрақұрылымын, экономикасын және анклавты басқару жүйесін қалпына келтіруге арналған 66 жобаны жүзеге асыру қажеттігі баяндалған. Бейбітшілік кеңесі өкілдері жоспардың қашан іске асатыны белгісіз болып отырғанын тілге тиек етті, себебі Израиль мен ХАМАС осы қозғалысты қарусыздану шарттары және Израиль әскерін шығару туралы әлі келісімге келе алмай отыр.
Газа секторына келтірілген залал көлемі 35,2 миллиард долларға (шамамен 15,69 триллион теңге) бағаланып отыр. Алдағы онжылдықта анклавты толық қалпына келтіру үшін шамамен 71,4 миллиард доллар (31,82 триллион теңге) қажет.
Axios дерегі бойынша, инфрақұрылым жобаларына шамамен 1 миллиард доллар (445,65 миллиард теңге) жұмсалады.
Соның ішінде шамамен 400 миллион доллар (178,26 миллиард теңге) уақытша баспана салуға, 275 миллион доллары (122,55 миллиард теңге) қирандылар мен жарылғыш заттарды жоюға, 50 миллион доллары (22,28 миллиард теңге) ауруханаларды қалпына келтіруге және 30 миллион доллары (13,37 миллиард теңге) жолдарды жөндеуге жұмсалады.
Scoop: President Trump's Board of Peace will unveil a six-month, $2.45 billion recovery plan for Gaza today. The plan estimates physical damage in Gaza at $35.2B and says full recovery and reconstruction will require about $71.4B over the next decade. https://t.co/fjqCbyUxQ5
— Axios (@axios) September 23, 2026
Жоспар аясында, сондай-ақ шекара өткелдерін, электр және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру, 25 000 жылжымалы күн батареяларын орнату және кезек күттірмейтін нысандар салынатын жердің астындағы туннельдерді толтыру да кіреді.
Тағы 885 миллион доллар (394,4 миллиард теңге) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады. Осы соманың 275 миллион доллары (122,55 миллиард теңге) Рафахта Халықаралық тұрақтандыру күштерінің 5000 қызметкеріне арналған тұрақты бекініс базасын құруға бөлінеді.
Көпұлтты контингентті қалыптастыру, оқыту және жабдықтау мақсатында 140 миллион доллар (62,39 миллиард теңге) және Палестина полициясын құруға 120 миллион доллар (53,48 миллиард теңге) жұмсалады.
Бұдан тыс, ХАМАС және басқа да қарулы топтардан қару-жарақты сатып алу бағдарламасына 20 миллион доллар қаражат (8,91 миллиард теңге) қарастырылған. Жоспарға сәйкес, Газа секторының Израиль және Египетпен шекаралас өткелдерін кейіннен Палестина технократиялық үкіметі бақылауға алады.
Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметтерге тағы 300 миллион доллар (133,7 миллиард теңге) бөлу жоспарланған. Жобада, сондай-ақ цифрлық жеке куәліктерді, электронды төлем жүйесін, төртінші буын мобильді желісін, цифрлық денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін және шағын бизнеске арналған гранттар бөлу жағы да қарастырылған.
Today, on the margins of #UNGA, the @BoardOfPeace set out how the Gaza peace plan moves from preparation to implementation. A year ago we had no framework, no roadmap, and no Palestinian-led @NCAG ready to assume responsibility in Gaza. Today we have all three. (1/5) https://t.co/L0bMRE6yks
— Nickolay E. MLADENOV (@nmladenov) September 23, 2026
Біріккен Араб Әмірліктері өз қаражаты есебінен Рафахтағы қазіргі уақытта шатырларда тұрып жатқан 50 мың палестиналыққа арналған «Әмірліктер ауданы» пилоттық жобасын іске асырады.
Бағдарлама әлі толық қаржыландырылған жоқ.
Бейбітшілік кеңесінің өкілдері саяси кедергілер шешіліп, Газа секторында Палестина технократиялық үкіметі жұмыс істей бастағаннан кейін донор елдер қажетті қаражат бөледі деп үміттенеді.
Axios мәліметі бойынша, Израиль үкіметі бағдарламаның кейбір ережелеріне келіскен, бірақ оны әлі іске асыруға асығар емес. Бұл ішінара 27 қазанда өтетін Кнессет сайлауына да байланысты. Хамас өз кезегінде қарусыздану мәселесін талқылауға келіскенімен, бұл процестің практикалық тетіктері әлі шешімін таппай тұр.
Газа секторындағы ғимараттардың көпшілігі қираған, ал 2 миллионнан астам тұрғын анклав аумағының шамамен үштен бір бөлігіне шоғырланған. Олардың көпшілігі шатырларда немесе зақымдалған ғимараттарда күнелтіп отыр.
Бір апта бұрын Газа қаласында осындай ғимараттардың бірі құлап, ондаған адам қаза тапты.