Бейбітшілік кеңесі: Газаның дамуы мен инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспары таныстырылды

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Жоғары деңгейдегі іс-шара барысында Бейбітшілік кеңесінің атқарушы органдарының мүшелері баяндама жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
Фото: Ақорда

Жиынға қатысушыларға Газа секторын қалпына келтіру, соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық қаржыландыру жоспары таныстырылды.

АҚШ-тағы Бейбітшілік кеңесінің отырысы
Фото: Ақорда

Жоғарғы атқарушы кеңестің мүшесі Джаред Кушнер Газаны дамытуға арналған бас жоспар туралы мәлімет беріп, аймақ тұрмыс-тіршілікке және экономикалық өрлеуге қолайлы жағдай жасайтын заманауи кеңістікке айналуға тиіс екенін атап өтті. 

Дүниежүзілік банк төрағасы Аджай Банга Бейбітшілік кеңесінің қаржы механизмдері ашықтыққа және қаржыны нақты мақсаттарға бөлу қағидаттарына негізделетінін жеткізді.

Инициатива Токаева попала в фокус американского политического обозревателя Аарона Рупара
Фото: Ақорда

Ал Халықаралық тұрақтандыру күштерінің жетекшісі, генерал Джаспер Джефферс Газадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары жөнінде айтты.

Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитеттің басшысы Али Шаат қайта қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру және халықаралық серіктестермен ықпалдастық тәсілдерін ұсынды. 

Вашингтондағы Бейбітшілік кеңесіне қатысушылар бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Сонымен қатар жиында Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Индонезия Президенті Прабово Субианто, Румыния Президенті Никушор Дан, Албания Премьер-министрі Эди Рама, Мысыр Премьер-министрі Мостафа Мадбули, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Абдулла бен Заид Әл Нахаян, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Кувейт Сыртқы істер министрі шейх Салем Абдулла әл-Джабер Әс-Сабах, Сауд Арабиясының мемлекеттік министрі Адель әл-Джубейр, Марокко Сыртқы істер министрі Насер Бурита және басқа да тұлғалар сөз сөйледі.

Вашингтондағы Бейбітшілік кеңесіне қатысушылар бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Кейіннен Вашингтондағы Бейбітшілік кеңесіне қатысушылар бірге суретке түсті.

Вашингтондағы Бейбітшілік кеңесіне қатысушылар бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Бұған дейін Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум