Бейнеу-Бозой газ құбырын салуды үстіміздегі жылдың қазан айынан бастау жоспарлануда - МГМ басшысы С.Мыңбаев
СТАНА. Шілденің 21-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бейнеу-Бозой газ құбырын салуды үстіміздегі жылдың қазан айынан бастау жоспарлануда. Бұл туралы Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Маңғыстау облысының әкімдігінде өткен жиналыста мәлімдеді.
«Қыркүйек айының басында біз ресурстық қор бойынша соңғы шешімді қабылдаймыз да, қазан айында бастап жібереміз», - деді С.Мыңбаев.
«Кесте бойынша құрылысты бастау төртінші тоқсанға жоспарланып отыр. Бірақ, менің ойымша, біз ертерек те бастауымыз мүмкін», - деп атап өтті министр.
С.Мыңбаевтың айтуынша, жобаның мақсаты жыл сайын 4 млрд. куб метр газды пайдаланатын республиканың оңтүстік аймақтарының электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, С.Мыңбаевтың пікіпінше, жақын арада осы аймақтағы газдың пайдалану біршама өсуі мүмкін.
Сонымен қатар, МГМ басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта жасалған жобалық-сметалық құжаттар бойынша 5 компрессорлық стансаның құрылысы қарастырылған. 2013 жылға дейін газ құбырының күтіліп отырған қуаты жылына 5 млрд. куб метр, ал 2013 жылдан кейін қосымша компрессор стансаларын орнату арқылы оның көлемін 10 млрд. куб метрге дейін арттыру жоспарланып отыр.