Бейрут әуежайы: мектеп парталарынан үш тонна есірткі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливандық кеден Бейрут әуежайында үш тоннадан астам есірткі тәркіленгенін мәлімдеді.
None
None

Кеден қызметі өкілдерінің сөздеріне қарағанда, есірткі заттары, оның ішінде каптагон, амфетамин және гашиш Мысырға жөнелтілуі тиіс мектептерге арналған парталарда болған.

Ливан қауіпсіздік қызметі хабарлағандай, олар каптагон мен өзге де есірткі заттарын шығаратын екі зертхананы тапты.

Каптагон дәрілерінде амфетамин және кофеин болады. Ол Таяу Шығыста кең тараған, деп хабарлады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар