Бейсенбі күні елде газ иісіне уланып 1 сәби мерт болды, тағы 4 бала ауруханаға түсті

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Есік қаласында екі қабатты жекеменшік тұрғын үйде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан көмірқышқыл газына уланып, 1 жасар сәби мерт болды.
None
None

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 30 қараша күні сондай-ақ, Алматының Шаңырақ-2 шағын ауданында пештің ақауы салдарынан ысты газға уланып, 40 жастағы әйел мен 1 жасар екі сәби, 3 және 15 жастағы балалар ауруханаға түсті.

Ақмола облысының Раздольное ауылында осындай жағдайда көмірқышқыл газына уланған 23 жастағы азамат өз үйінде тіл тартпастан кетті.

Соңғы жаңалықтар