Бейжің Барак Обаманың Далай-ламамен кездесуіне «қатты қынжылып отыр»

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бейжің АҚШ Президенті Барак Обаманың Далай-ламамен кездесу фактісіне «қатты қынжылып отыр».

Бейжің    Барак Обаманың   Далай-ламамен    кездесуіне  «қатты  қынжылып  отыр»

Бұл туралы бүгін Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ма Чжаосюй мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Осындай қадамға барған американ тарапы халықаралық қатынастардың негізгі нормасын, үш бірлескен қытай-американ коммюникесінен және бірлескен қытай-американ мәлімдемесінен туындайтын қағидаларды бұзып отыр», - деп хабарлайды қытай дипломатының сөзіне сілтеме жасаған «Синьхуа» агенттігі.

Барак Обама Далай ламамен ақпанның 18-і күні Ақ үйде кездескен болатын.