Бейжіңде 65 миллион юаньды жымқырған қаржыгер өлім жазасына кесілді

АСТАНА.  Желтоқсанның   10-ы.  ҚазАқпарат -    Бейжіңде    құнды қағаздар саудасымен  айналысатын   үлкен   компанияның   филиалының басшысы  Ян  Яньмин  өлім    жазасына кесілді. 

Бейжіңде  65 миллион   юаньды жымқырған   қаржыгер  өлім   жазасына кесілді

«Гэлэкси секьюритиз» бөлімінің   51 жастағы    бас менеджеріне   65,4  миллион   юань     (10  миллион  АҚШ доллары)   соманы   жымқырды  және  тағы 25 миллион юаньды  «мақсатсыз  жұмсады»  деген  айыптар тағылған  болатын.  2004  жылы тұтқындалған қаржыгер  алаяқтығы үшін   ату  жазасына кесілген және  жазасы  орындалған     бірінші  қытайлық трейдер болып отыр.

Бірақ  та   жымқырылған  60 миллион   юань  соманың   қайда екені  әзірге  «белгісіз болып қалып отыр»,  деп жазды "Чайна дейли" басылымы  бүгін.   Жазасы  орындалардың алдында   Ян  Яньмин   екі  апайымен  кездесе алды. Жолдасы істі  болардың алдында  ажырасып  кеткен алаяқтың  бұрынғы  жұбайы,     ақтық  кездесуден   бас тартқан,    деп  хабарлайды    қытайлық басылым.