12:50, 21 Ақпан 2017 | GMT +5
Бейжіңде биыл алғаш рет қар жауды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Астана уақыты бойынша сағат 10-00-дер шамасында биылғы жылғы алғашқы қалың қар түсті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ауа температурасы - нөл. Бүгін ең жоғары температура - 1 градус, ең төменгі деңгей - 6 градус болады.
Соңғы жылдары Аспан асты елінде қар сирек жауатын болды. Бейжіңде биыл 7 қаңтарда шағын мөлшерде қар жауып, бірден еріп кеткен.
Әдетте, қардың қалың түсуінен Бейжіңдегі Шоуду әуежайында рейстер кешігіп, кейбірі кейінге қалдырылып жатады.
Метерологтар қалалықтарға қарды ұстамауға кеңес беруде, себебі қар ауа арқылы ластанған заттарды өзіне сіңіріп алады.