Бейжіңде Халықаралық Наурыз күні атап өтілуде

БЕЙЖІҢ. Наурыздың 15-і. ҚазАпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жексенбі күні, наурыздың 14-інде Бейжің ботанкалық бағында көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында тәжік-қытай достының шабдалы бағы отырғызылды.

Бейжіңде Халықаралық Наурыз күні атап өтілуде

Бұл шараға Әзірбайжан, Орталық Азия дипломатиялық миссиясының өкілдері, елшілер, ҚХР Сыртқы істер министрлгінің қызметкерлері, Бейжің қаласы мэриясы шетелдік істер кеңсесінің қызметкерлері, Қытайдың шетелдермен достық қоғамының өкілдері, ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ хатшылығының басқа да басшылары қатысты.

Тәжікстанның Қытайдағы елшісі Рашид Алимовтың айтуынша, бұл шараның қытай астанасының көркем табиғаты аясында Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілуінің маңызы зор. Көктемгі Наурыз мерекесі БҰҰ Бас ассамблеясының қарарына сәйкес әділетті түрде халықаралық мәртебесіне ие болды. «Ежелден бері Наурыз мерекесі адам жанының табиғатпен үндестігін білдіреді. Ол адамдарды достық пен Халықаралық ынтымақтастық тіндерін нығайта отырып, тыныштық пен келісімде өмір сүруге үндейді», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы 64-сессиясында «Әлем мәдениеті» күн тәртібінің 49 -шы бабы ауқымында 2010 жылғы ақпанның 23-інде «Науыз мейрамын» Халықаралық күн деп жариялады.