Бейжіңде қазақстандық балалар Наурыз мерекесін тойлады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 18 наурыз күні ҚХР-дағы ҚР Елшілігінде Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.
None
None

ҚХР-дағы ҚР Елшісінің жұбайы Әлия Нұрышеваның құттықтау сөзінен кейін және Қыдыр атаның батасы, шашу дәстүрінен соң, қонақтарға мерекелік концерт көрсетілді. Қыздар «Наурыз» биін биледі, Мүслима Дайын «Туған жердей жер болмас» әнін шырқады, Рамазан Сәрсен «Балбырауын» күйлерін, Әсем Қабазиева «Туған жерім» әнін айтты. Концерт қатысушылары естелік дипломдармен марапатталды.

Елшілік ғимаратының ауласына киіз үй тігіліп, балаларға наурыз көже, бауырсақ, манты, палау және өзге де қазақтың ұлттық тағамдары берілді. Тағамдарды Қытайдағы ҚР ұлттық компания өкілдерінің, дипломаттардың жұбайлары әзірледі.

«Біз балаларға арнап Наурыз мейрамын ұйымдастырдық. Қазақстаннан жырақта жүрсе де, өз мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпасын деп, Наурыздың - Жаңа жылымыз екенін біліп жүрсін деген ниетпен жасадық», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Бейжіңдегі қазақстандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гауһар Шәмшиева.

Бейжіңдегі ауаның ластануына қарамастан (индекс PM2.5 - текше метріне 181 мг-ден, РМ10 - текше метріне 217 мг-ден), көктемгі күннің ашық болуы мен балалардың өнер көрсетуі, ұлттық костюмдер мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар