Бейжіңде сатылатын жер көлемі күрт артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңде 2015 жылы сатылған жер телімдері 196,5 млрд юаньды (30,2 млрд АҚШ доллары) құрап, 2,5 есеге өсті. Бұл туралы дүйсенбі күні жергілікті билік мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа.
None
None

Астаналық Жер және табиғи ресурстар басқармасының ақпараттарына қарағанда, өткен жылы елде 694 гектар жер сатылған.

Сатылымның өсуіне бейжіңдік жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайдың жақсаруы ықпал еткен. 2010 - 2015 жылдар аралығында 4969 гектар жердің сатылуынан қала қазынасына 723,2 млрд юань құйылды.

Сондай-ақ осы бес жылдың ішінде Бейжің билігі бюджеттік тұрғын үй құрылысына 4166 гектар жер бөлген.

Соңғы жаңалықтар