Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бейжің 2029 жылғы Әлемдік сәулет астанасы болып жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — ЮНЕСКО және Халықаралық сәулетшілер одағы (ХСО) Бейжің қаласын 2029 жылғы Әлемдік сәулет астанасы деп жариялады. Шешім бағдарламаның Бірлескен комитетінің ұсынысы негізінде қабылданды, деп хабарлайды Xinhua

Бейжің 2029 жылғы Әлемдік сәулет астанасы жарияланды
Фото: Синьхуа

Ұйымдастырушылар Қытай астанасының бай сәулет мұрасын тұрақты дамуға бағытталған көзқараспен үйлестірудегі ерекше қабілетін атап өтті.

— Бейжіңнің тарихи қалалық ортасы, сәтті жаңарту жобалары және жарқын сәулет мәдениеті мұра, инновациялар және тұрғындар өмірінің бір-бірін қалай толықтыра алатынын, қалаларды тұрақты және өмір сүруге қолайлы ететінін көрсетеді, — делінген мәлімдемеде.

Әлемдік сәулет астанасы атағы үш жыл сайын Халықаралық сәулетшілер одағының Дүниежүзілік конгресін өткізетін қалаға беріледі.

Бағдарлама сәулет өнерінің, қала құрылысының және мәдени мұраның тұрақты қалалық дамуды ілгерілетудегі рөлін атап өтуге арналған.

Осыған дейін Қытай елге кіру және шығу тәртібіне жаңа ережелер енгізетінін хабарладық