Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бейжің мен Бішкек арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Air China әуе компаниясы Бейжің мен Бішкек арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын ашты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

в
Фото: Көлік министрлігі

Жұма күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:40-та Бейжің халықаралық Шоуду әуежайынан ұшып шыққан CA893 рейсі Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайына сәтті қонды. Осылайша Қытай мен Қырғызстан астаналары арасындағы жаңа тікелей әуе бағыты ресми түрде іске қосылды.

– Жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері екі бағытта да орындалады, – делінген хабарламада.

CA893 рейсі Бейжіңнен Бішкекке 5 сағат 40 минутта жетеді. Ал кері бағыттағы CA894 рейсінің ұшу ұзақтығы 4 сағат 50 минутты құрайды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстері аптасына 152-ге дейін көбейеді.