Бейжің нөсер жаңбырға байланысты ең жоғары дабыл деңгейін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай астанасында дүйсенбі күні нөсер жаңбырға байланысты ескертудің ең жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Бейжің нөсер жаңбырға байланысты ең жоғары дабыл деңгейін жариялады
Фото: Синьхуа

Бейжің метеорологиялық қызметі сағат 13.00-де қызыл дабыл деңгейін жариялады. Бұл – Қытайдың төрт деңгейлі ескерту жүйесіндегі ең жоғары көрсеткіш. 

Синоптиктердің болжауынша, нөсер жауын келесі таңға дейін жалғасады. Елордалық аудандардың көпшілігінде 6 сағатта жауатын жауын-шашын мөлшері 100 мм, кей жерлерде тіпті 200 мм-ден асады деп күтіліп отыр. 

Бейжің су ресурстары басқармасы мен метеорологиялық қызмет ең осал аймақтарда: Миюнь, Фангшан, Ментугоу және Хуайруда тау ағындарының қаупі туралы ескерту жасады. 

Қазіргі уақытта сел, көшкін және басқа да табиғи қауіптердің жоғары ықтималдығы сақталатын Шицзиншан, Фэнтай, Хуайроу, Фаншань және Ментугоу аудандарында қызыл ескерту деңгейі күшіне енді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдың оңтүстігіндегі таулы аймақта су тасқынынан 5 адам қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар